Степногорск қалалық
мәслихатының он сегізінші
(кезектен тыс) сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/2 «2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
2) 2025 жылға арналған Степногорск қаласы ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
3) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
4) Степногорск қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту бойынша ұсыныс енгізу туралы;
5) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/5 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6) «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі - Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;
Степногорск қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы – Орынбасар Амангелдіқызы Бейсенбинаның ақпараты;
8) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы - Мейірхан Әмірханұлы Уахитовтың ақпараты;
9) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-9/10 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы - Татьяна Викторовна Семенюктің ақпараты;
10) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы - Меруерт Мұратқызы Майданованың ақпараты.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров