№8С-15/3 от 20.09.2024 ж. шешімі

Степногорск қалалық мәслихатының

2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/2

«2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2,                                         3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 17 025 018,5 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 10 029 272,2 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 43 326,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 51 500 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 6 900 919,9 мың теңге;

2) шығындар – 17 141 522,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 1 192 482,2 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 7 384 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 199 866,2 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 217 495,6 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 217 495,6 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 858 482,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   - 858 482,4 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.      

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының төрағасы                                                               О. Джагпаров

 

 

Шешім
Дата публикации
13 февраля 2025