Қала әкімінің өзіне жүктелген
функциялар мен міндеттерді
орындауы туралы есебі туралы
Степногорск қаласы әкімінің міндетін атқарушы М.С. Баетовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін қалалық мәслихат 2023 жылдың 8 айында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары тауарлық өнім шығаруды арттыруға қол жеткізіп, осылайша өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 266,2 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі – 104,1 %, өңдеуші өнеркәсіпте – 101 %.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 12,8 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 80,6 % құрады.
Индустриалды-инновациялық даму аясында инвестиция көлемі 15 млрд. теңгені құрайтын жобалар жүзеге асырылуда.
Жалпы өнім шығару 3,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,5 %.
Шағын және орта бизнестің түрлі салаларында 3,9 мыңнан астам субъектінің қызметін жүзеге асыруда.
Ағымдағы жылы жоғары тұрған бюджеттен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 7,9 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде жылу желісінің ең тозған учаскелерін жөндеуге 2 млрд. теңге. қаладағы, кенттердегі және ауылдардағы жолдарды жөндеуге және реконструкциялауға 2,7 млрд. теңге бөлінді.
Көппәтерлі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салу, сонымен 10 аула аумақтарын абаттандыру бойынша жоспарланған жобаларды іске асыру жалғасуда.
Білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы негізгі көрсеткіштерді жақсарту бойынша шаралар өткізілуде.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды дамытуға және жөндеуге байланысты басты мәселелерді шешуге назар аудару;
2) өңірді дамытудың кешенді жоспары шеңберінде өзіне алған міндеттемелерді орындау жөніндегі жұмысты белсенді түрде жалғастыру;
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен индикаторларының орындалуын сақтау және жақсарту;
4) жылу беру маусымын өткізу және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау;
5) қаланың алдағы мерейтойын өткізу және мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу ұсынылсын.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров