№8С-15/1 от 20.09.2024ж. шешімі

Сегізінші шақырылымдағы

Степногорск қалалық мәслихатының

он бесінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

          1) Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы;

Степногорск қаласының әкімі – Алпысбай Қуандықұлы Қайыржановтың ақпараты;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №8С-9/2 «2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың  ақпараты;

3) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №8С-9/8 «Кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың  ақпараты;

          4) Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың  ақпараты;

          5) С. Ф. Мұхамадиевке  «Степногорск қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары - Жаңасыл Сабырұлының ақпараты;

          6) С.К. Мұшановқа «Степногорск қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары - Жаңасыл Сабырұлының ақпараты;

          7) А.Ф. Дубровинаға «Степногорск қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары - Жаңасыл Сабырұлының ақпараты;

          8) Ж.Ж. Омаровқа «Степногорск қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары - Жаңасыл Сабырұлының ақпараты;

9) Б.А. Молдағайыповқа «Степногорск қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары - Жаңасыл Сабырұлының ақпараты;

          10) Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                              О. Джагпаров

 

 

Шешім
Дата публикации
13 февраля 2025