Степногорск қаласы сайлау
комиссияларының құрамына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Степногорск қалалық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 7/1 «Степногорск аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 қарашадағы №01-06/10 «Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы», 2024 жылғы 8 тамыздағы № 9/1 «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулыларының негізінде Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Степногорск қалалық филиалы ұсынған № 778 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Чоқпаров Бақтияр Төреқұлұлы сайлансын;
«АҚ ЖОЛ» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынған № 778 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Жұманова Динара Балтакескенқызы сайлансын;
«Ауыл «Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынған № 778 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Сыпченко Сергей Анатольевич сайлансын;
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынған № 778 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Сансызбай Тілеубайұлы Жүсіпов сайлансын;
«Байтақ» партиясының Ақмола облыстық филиалы ұсынған № 778 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Жексенова Ақмөлдір Рүстемқызы сайлансын;
Степногорск қаласының «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған, Иван Владимирович Котовтың орнына, № 70 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Слямбекова Фариза Мергенқызы сайлансын;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынған, Герасим Галина Михайловнаның орнына, № 72 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Семенюк Татьяна Григорьевна сайлансын;
«Астана қаласы және Ақмола облысы Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының мекемесі» қоғамдық бірлестігінің Степногорск филиалы ұсынған, Төлегенова Салтанат Жақсылыққызының орнына, № 76 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Мосиенко Марина Петровна сайлансын.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров