№8С-14/4 от 26.08.2024г. шешімі

Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/3

«Степногорск қаласы әкімдігінің

жанындағы терроризмге қарсы

комиссия құрамын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының              1-тармағының 12) тармақшасына, «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығына, Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № А-8/318 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № А-3/112 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияны құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/3 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

- осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамы жаңа редакцияда жазылсын;

- осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының құрамы жаңа редакцияда жазылсын.

- осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес терроризм тұрғысынан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы жаңа редакцияда жазылсын.

- осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдардың терроризм актілерінің салдарын азайтуға және  (немесе) жоюға дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамы жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                             О. Джагпаров

 

Шешімі
Дата публикации
13 февраля 2025