Степногорск қалалық мәслихатының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/2
«2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 16 498 383,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 10 029 272,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 43 326,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 51 500 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 6 374 284,9 мың теңге;
2) шығындар – 16 614 887,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 1 192 482,2 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 7 384 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 199 866,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 217 495,6 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 217 495,6 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 858 482,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 858 482,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымша осы шешімнің қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Степногорск қалалық
мәслихатының төрағасы О. Джағпаров