№8С-14/1 от 26.08.2024 ж. шешімі
Сегізінші шақырылымдағы
Степногорск қалалық
мәслихатының он төртінші
сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/2 «2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
2) Степногорск қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы – Мэлс Сәкенұлы Жұмабаевтың ақпараты;
3) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/3 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы -Айжан Хаджымұратқызы Шәкенованың ақпараты;
4) Степногорск қаласы сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы – Татьяна Викторовна Семенюктің ақпараты;
5) Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 6С-39/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімінің «Степногорск қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы - Рабиға Қамзақызы Абылхасымның ақпараты.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров
шешімДата публикации
13 февраля 2025