Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8129 болып тіркелген);
2) «Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8С-6/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8630-03 болып тіркелген).
Қалалық мәслихатының
төрағасы О. Жағыпаров