№8С-12/1 от 30.05.2024ж. шешімі

       

Сегізінші шақырылымдағы

Степногорск қалалық

мәслихатының он екінші

сессиясының күн тәртібі туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он екінші сессия отырысының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) 2023 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы;

Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қуандықұлы Қайыржановтың ақпараты;

          2) «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

          Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;

          3) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі басшысының м.а. - Бақтияр Әлімжанұлы Баязитовтың ақпараты;

4) Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                              О. Жағыпаров

Шешім
Дата публикации
12 февраля 2025