Степногорск қаласы
әкімдігінің жанындағы
терроризмге қарсы комиссия
құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына, «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығына, «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияны құру туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № А-1/40 қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамы бекітілсін.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
- Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес, терроризм тұрғысынан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
- Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың терроризм актілерінің салдарын азайтуға және (немесе) жоюға дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
- «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 7С-19/7 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Жағыпаров