№8С-9/6 от 22.12.2023 ж. шешімі

Сегізіші шақырылымдағы

Степногорск қалалық

мәслихатының тоғызыншы

сессиясының жұмысына

үзіліс жариялау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының тоғызыншы сессиясының жұмысына 2023 жылғы 26 желтоқсанға дейін үзіліс жариялансын.
  2. Степногорск қалалық мәслихатының тоғызыншы сессиясының екінші отырысы 2023 жылғы 26 желтоқсан сағат 15:00 қала әкімдігінің мәжіліс залында (Б блогында) өткізілсін және онда келесі мәселелер қаралсын:

1) 2024-2027 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы;

2) Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы;

3) Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы;

4) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;

5) 2024 жылға арналған Степногорск қалалық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету және оның аппаратын ұстауға арналған шығындарды анықтау туралы;

6) Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының құрылымын бекіту туралы;

7) Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихатының

хатшысы                                                                                                  О. Жағыпаров

Решение
Дата публикации
10 февраля 2025