№8С-9/4 от 22.12.2023ж. шешімі

Степногорск қаласының елді мекендерінің

аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық

жиындарын өткізу тәртібі туралы

ережені бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Степногорк қаласының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
  2. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-22/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қалалық мәслихатының

төрағасы                                                                                              О. Жағыпаров

 

Решение
Дата публикации
10 февраля 2025