№8С-9/2 от 22.12.2023ж. шешімі

2024-2026 жылдарға арналған

қала бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының   

1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 15 794 981 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 996 581 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 42 948 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 46 500 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 6 708 952 мың теңге;

2) шығындар – 15 794 981 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 1 049 309 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 7 384 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 056 693 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 108 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 108 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 941 309 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   - 941 309 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджетке берілетін 2 654 255 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған қала бюджетінің түсімдер құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 4-қосымшаға сәйкес есепке алынсын.
  3. 2024 жылға арналған қала бюджетінде қалалық бюджеттен кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттеріне берілетін 316 393 мың теңге сома субвенциялар көлемдері көзделгені есепке алынсын, соның ішінде:

Ақсу кенті – 51 748 мың теңге;

Бестөбе кенті – 40 031 мың теңге;

Заводской кенті – 24 671 мың теңге;

Шаңтөбе кенті – 46 368 мың теңге;

Қарабұлақ ауылы – 39 075 мың теңге;

Изобильный ауылы – 45 840 мың теңге;

Қырық құдық ауылы – 38 711 мың теңге;

Бөгенбай ауылдық округі – 29 949 мың теңге.

  1. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 145 300 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                            

Қалалық мәслихатының

төрағасы                                                                                            О. Жағыпаров

 

 

Шешім
Дата публикации
10 февраля 2025