№8С-9/1 от 22.12.2023ж. шешімі

Сегізінші шақырылымдағы

Степногорск қалалық

мәслихатының тоғызыншы

сессиясының күн тәртібі туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті туралы;  

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың  ақпараты;

2) 2024 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың  ақпараты;

3) Степногорск қаласының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы – Асқар Шапағатұлы Қасеновтың ақпараты;

4) Степногорск қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға жəне көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;

Степногорск қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы - Талғат Қасымбекұлы Жексембиннің ақпараты.

Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың төрағасы                                                                  О. Жағыпаров

 

 

Шешім
Дата публикации
10 февраля 2025