«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 13 қазандағы № 03-18ш/1532 ұсынысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша «Науан хазірет» мешітінің бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы Сәбитке «Степногорск қаласының Құрметті азаматы» атағы берілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Жағыпаров