Степногорск қалалық мәслихатының
2023 жылғы 26 маусымдағы № 8С-4/4
«Степногорск қаласы әкімдігінің
жанындағы жер телімдеріне
жеке меншік немесе жер пайдалану
құқығын беру жөніндегі
жер комиссиясының құрамын және
ережесін бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № А-9/310 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер теліміне құқық беру жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі жер комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № А-6/196 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
осы шешімнің 1-қосымшасында:
комиссия құрамына:
Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы ретінде – Мұрат Сәкімбайұлы Баетов енгізілсін;
комиссия құрамынан Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы шығарылсын.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Жағыпаров