28.09.2023 ж. №8С-6/5 шешім
Степногорск қаласы
әкімдігінің жанындағы
бюджеттік комиссияның
құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № А-9/309 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы бюджеттік комиссиясының құрамын анықтау туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы бюджеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 қазандағы № 7С-20/3 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Жағыпаров
28.09.2023 ж. №8С-6/5 шешімДата публикации
27 октября 2023