28.09.2023 ж. №8С-6/3 шешім

Степногорск қалалық мәслихатының

2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-22/2

«2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-22/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 14 003 199,9 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 939 764,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 40 539,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 50 963 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 5 971 932,7 мың теңге;

2) шығындар – 14 447 667,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 241 317,1 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 10 350 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 251 667,1 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 17 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 17 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 220 150,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   220 150,8 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымша осы шешімнің қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының төрағасы                                                               О. Жағыпаров

28.09.2023 ж. №8С-6/3 шешім
Дата публикации
27 октября 2023