28.09.2023 ж. №8С-6/1 шешім

Сегізінші шақырылымдағы

Степногорск қалалық

мәслихатының алтыншы

сессиясының күн тәртібі туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі туралы;

Степногорск қаласы әкімінің міндетін атқарушы – Мұрат Сәкімбайұлы Баетовтың баяндамасы;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы      № 7С-22/2 «2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

3) Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы      № 7С-22/9 «2022-2024 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

4) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

5) Степногорск қаласында 2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы;

Степногорск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Талғат Қасымбекұлы Жексенбиннің ақпараты;

6) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы                 № 6С-58/4 «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Анаргүл Советқызы Мұхамедғалиеваның ақпараты;

7) «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының           2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Анаргүл Советқызы Мұхамедғалиеваның ақпараты;

8) Степногорск қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы – Асқар Шапағатұлы Қасеновтың ақпараты;

9) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы            № 8С-4/4 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты;

10) Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                           О. Жағыпаров

28.09.2023 ж. №8С-6/1 шешім
Дата публикации
27 октября 2023