от 24.07.2023 ж. №8С-5/3 шешім

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26мамырдағы № А-5/167«Степногорск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2наурыздағы № А-3/66«Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»,2022 жылғы 19 маусымдағы № А-6/205 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2наурыздағы № А-3/66 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»қаулыларының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С-12/7 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамына

Степногорск қаласының әкімі – Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы, комиссия төрағасы ретінде;

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары – Орынбасаров Қабдулла Нұриттенұлы, комиссия төрағасының орынбасары ретінде;

Степногорск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы – Елеуіпов Муфтада Амангелдіұлы;

            Степногорск қаласы әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы– Исаева Алтынай Амантайқызы енгізілсін;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Дабаева Баян Болысбекқызы; 

«AMANAT»партиясы Степногорск қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Степногорск қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)– Хабибуллина Зүлфия Төлешқызыжолдары;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы– Дабаева Баян Болысбекқызы; 

«AMANAT»партиясы Степногорск қалалық филиалының атқарушы хатшысы (келісім бойынша)– Хабибуллина Зүлфия Төлешқызыжолдарымен ауыстырылсын;

Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы, Бектасова Жанар Сағынайқызышығарылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

төрағасы О. Жағыпаров

от 24.07.2023 ж. №8С-5/3 шешім
Дата публикации
03 августа 2023