Степногорск қалалық мәслихатының
2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-22/2
«2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Степногорск қалалық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-22/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1.2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 13 256 808,2мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 7 727 246 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 35 257,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 50 963 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 5 443 341,5 мың теңге;
2) шығындар – 13 701 276,1мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 241 316,9 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 10 350 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 251 666,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –17 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 17 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 220 151 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 220 151 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Степногорск қалалық
мәслихатыныңтөрағасы О. Жағыпаров