Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № А-6/196 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер теліміне құқық беру жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі жер комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» қаулыларының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының ережесі бекітілсін.
  3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп танылсын
  4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

төрағасы                                                                                              О. Жағыпаров

Степногорск қалалық

мәслихатының

2023 жылғы 26 маусымдағы

№ 8С-4/4 шешіміне

1-қосымша

 

 

Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы

 

Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы

-

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

 

Қарашина Инеш Амангелдіқызы

-

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің

жер қатынастары секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы

 

 

Комиссия мүшелері:

 

Оспанов Дархан Қайырбайұлы

-

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы

 

Игберденов Асхат Кәкімұлы

-

Степногорск қаласы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

 

Омаров Ернар Болатбекұлы

-

Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы

 

Баймақов Олжас Нұрланұлы

-

Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының Степногорск қалалық филиалының директоры

(келісім бойынша)

 

Құсманов Жәнібек Дәулетбекұлы 

-

Степногорск қалалық мәслихатының депутаты

(келісім бойынша)

Овчинникова Евгения Валериевна

-

Степногорск қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі

(келісім бойынша)

 

Гах Наталья Александровна

-

жеке кәсіпкер (келісім бойынша)

 

 

Нұрбаева Жанна Ерболқызы

-

«Нұрбаева ЖК» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)

 

 

 

Степногорск қаласы кенттерінің, ауылдарының және ауылдық округтерінің әкімдері және жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің жергілікті халқының өкілдері комиссия мүшелері болып табылады және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес өздеріне ведомстволық бағынысты кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан жер телімдері берілген жағдайларда қатысады.

 

Өтісхан Жәнібек

-

Бөгенбай ауылдық округінің әкімі

 

Шалабаев Жәкен Қанапияұлы

 

-

Бөгенбай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша)

 

Исмағұлов Мұсылманбек Баукенұлы

 

-

Қарабұлақ ауылының әкімі

Живилов Александр Васильевич

-

Қарабұлақ ауылының жергілікті

қоғамдығының мүшесі (келісім бойынша)

 

Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы
Дата публикации
17 июля 2023