«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Степногорск қалалық полиция басқармасының бастығы Б.Х. Өтекиннің құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы баяндамасын тыңдап, талқылағаннан кейін Степногорск қалалық мәслихаты келесіні атап өтті.
Қалалық полиция басқармасының штат саны 184 бірлікті, 2023 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша 12 бірлікті құрады. Ағымдағы жылдың бес айында 9 қызметкер жұмысқа қабылданды және тағайындалды, 3 адам жұмыстан босатылды. ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсу мақсатында қала және кент мектептерінің түлектерімен, ҚР қарулы күштері қатарында қызмет еткен жастармен, оларды полицияға жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс жүргізілуде.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Степногорск өңірінің аумағында қылмыстардың жалпы санының 15,3 %-ға, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 208 жағдайдан ағымдағы жылдың 5 айында 176 жағдайға дейін төмендеуіне қол жеткізілді. Бопсалау, тонау, бұзақылық, алаяқтық сияқты қылмыстардың өсуіне жол берілмеген. Қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде 25-тен 18-ге дейін, адамдар тобында 17-ден 4-ке дейін жасалған қылмыстардың 53-тен 34-ке дейін төмендеуіне қол жеткізілді. Мұның барлығы полиция жұмысының сапасының жақсарғанын көрсетеді.
Степногорск қалалық мәслихаты қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмыстағы кемшіліктерді атап өтті, есепті кезеңде Полиция басқармасының деректері бойынша бұрын жасалған қылмыстар, яғни рецидив үшін есепте тұрған адамдар жасаған қылмыстардың өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша бұрын құқыққа қайшы әрекеттер жасаған 74 адам жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20 %-ға жоғары. Мас күйінде жасалған қылмыстардың деңгейі ағымдағы жылы 49, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 48-ге қарсы жоғары болып қалуда. Есепті кезеңде соттылығы өтелмеген адамдардың қылмыс жасауының 8 фактісі тіркелді, бұл да профилактикалық жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді.
Интернет-алаяқтықтың өсуі байқалады, тек 5 ай ішінде біздің өңірде осындай 17 факт тіркелген, оның 13-і ақпараттық технологиялар арқылы жасалған.
Қала аумағындағы кез келген құқыққа қайшы әрекеттер мен оқиғаларға жедел ден қоюға арналған Жедел басқару орталығын (ЖБО) іске қосу және оның толыққанды жұмыс істеуі жөніндегі мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1) соттылығы бар және заңсыз әрекеттері үшін ішімділікке салынатын адамдар арасында профилактикалық жұмысты күшейту;
2) қала тұрғындары арасында бөтеннің мүлкін ұрлауды азайту бойынша алдын алу шараларын қабылдау;
3) халық арасында жиі наразылық тудыратын құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейту (көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзу, стихиялық қоқыс үйінділерін ұйымдастыру, құрылыс қоқыстарын шығару, мотоцикл құралдарын басқару ережелерін бұзу және т.б.);
4) учаскелік полиция инспекторларының тұрғындармен қашықтықтан байланыс форматын (WhatsApp) тұрғындардың үй чаттарына қосу арқылы пайдалану туралы мәселені қарастыру;
5) жол жамылғысының тұтастығын сақтау мақсатында қала бойынша ауыр салмақты көліктердің қозғалысына бақылауды күшейту;
6) жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін жол учаскелеріне талдау жүргізіп, одан әрі қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тиісті жол белгілерін орнатуға не басқа да шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныспен қосымша ұсынылсын.
Қалалық мәслихат
төрағасы О. Жағыпаров