Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы;

Степногорск қаласы полиция басқармасының бастығы Бақтияр Хайрболатұлы Өтекиннің ақпараты;

2) Степногорск қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарын бекіту туралы;

Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты;

3) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы;

Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты;

4) Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

төрағасы                                                                                              О. Жағыпаров

Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының төртінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
17 июля 2023