«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) фтизиатрда есепте тұрған және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

11-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11-1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, алушылардан өтініштер талап етілмей, азаматтарға (отбасыларға) ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі:

денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулезбен ауыратын адамдарға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Степногорск қалалық мәслихатының төрағасыО. Джагпаров

 

 

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
17 июля 2023