2022 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы

Бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органның есебін, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркеновтың баяндамасын тыңдап, талқылағаннан кейін Степногорск қалалық мәслихаты қала әкімдігімен 2022 жылға арналған бюджетті сапалы атқару бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін, өнеркәсіптік өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуда белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті.

Степногорск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін талдау нәтижелері бойынша көзделген 7 негізгі көрсеткіштің ішінде 4 көрсеткіш орындалмағаны немесе жалпы санына 57,1 % (құрылыс жұмыстарының көлемі – 50,4 %, бөлшек тауар айналымының көлемі – 98,7 %, тұрғын үйлерді іске қосу – 38,5 %, негізгі капиталға инвестициялар – 39 %).

Қала кәсіпорындарымен 2022 жылы 413,6 млрд.теңгеге (2021 жылы – 192,799 млрд. теңге) тауар өнімін өндірді, «Ақсу Technology» ЖШС-де алтын өндірісін іске қосу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда көлемдердің өсуі есебінен ұлғайтуға қол жеткізілді. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 154,6 % құрады. Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 11,4 %-ға (2021 ж. 16,5 %) өсіммен 27,9 %-ды құрады.

Есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейлеріне 45,5 млрд. теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті, өткен жылдың кезеңіне – 140,8 %. Жергілікті бюджетке – 14,1 млрд. теңге, өткен жылдың кезеңіне – 133,7 %, оның ішінде қалалық бюджетке – 5,2 млрд. теңге, өткен жылдың кезеңіне – 119,6 %. Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 12,3 млрд. теңге немесе 99,4 % игерілді.

2022 жылы Степногорск қаласы бойынша түсімдер 13 089 492,5 мың теңгені (2021 жылы – 8 635 875,4 мың теңге) құрады, оның ішінде кірістер бойынша 12 190 332,8 мың теңге, қарыздар бойынша түсімдер – 895 249,0 мың теңге. Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер болған жоқ.

2022 жылғы бюджет түсімдері 4 453 617,1 мың теңге сомасына ұлғайтылды, кірістер 3 626 074,3 мың теңге сомасына ұлғайтылды. Жоғары тұрған бюджеттен трансферттер түсімі және трансферттерді қайтару (төмен тұрған бюджеттен) 6 959 875,0 мың теңгені құрады немесе 2 768 987,9 мың теңгеге ұлғайтылды.

Түсімнің жалпы сомасынан Степногорск қаласының меншікті кірістерінің үлесі 42,9 % құрады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша меншікті кірістер        1 059 380,8 мың теңгеге ұлғайтылды, 2021 жылы 4 171 077,0 мың теңге түсті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Степногорск қаласы бюджетінің шығыс бөлігі 13 202 892,9 мың теңге сомасында жоспарланған 99,5 %-ға орындалды қаражат 13 131 633,9 мың теңге сомасында игерілді, оның ішінде: шығындар бойынша 99,5 %-ға, кредиттер бойынша 100 %-ға, қарыздарды өтеу бойынша 100 %-ға.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы Степногорск қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебінің негізінде Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органның 2022 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есебі бекітілсін.
  2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы Степногорск қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі назарға алынсын.
  3. Степногорск қаласы бюджетінің 2022 жылға атқарылуы туралы есебі келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 11 287 981,3 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері – 5 027 573,0 мың теңге;

кірістер – 11 287 981,3 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері – 5 027 573,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 51 727,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 75 012,6 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 6 133 668,4 мың теңге;

2) шығындар – 12 020 532,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 9 073,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 9 073,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 910,7 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 737 713,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 737 713,4 мың теңге.

  1. Ақсу кентінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 115 304,1 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері – 13 373,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 19,6 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 409,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 96 502,1 мың теңге;

2) шығындар – 111 153,7 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 150,4 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 4 150,4 мың теңге.

  1. Бестөбе кентінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер – 324 615,3 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері – 26 577,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 24,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 298 013,5 мың теңге;

2) шығындар – 332 538,8 мың теңге; 

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 7 923,6 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 923,6 мың теңге.

  1. Заводской кентінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер – 146 213,6 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері – 11 405,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 808,5 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 133 999,4 мың теңге;

2) шығындар – 147 595,7 мың теңге; 

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) дефицит (профицит) бюджета – - 1 382,1 тыс. тенге;

5) финансирование дефицита (использование профицита) бюджета – 1 382,1 тыс. тенге.

  1. Шаңтөбе кентінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 71 285,1 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері – 9 313,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 962,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 61 008,9 мың теңге;

2) шығындар – 71 112,5 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – 172,6 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 172,6 мың теңге.

  1. Қарабұлақ ауылының 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер – 115 858,0 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері – 3 292,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 897,6 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 111 667,9 мың теңге;

2) шығындар – 115 797,0 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – 61,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 61,0 мың теңге.

  1. Изобильное ауылының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кіріс – 37 219,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 358,2 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 154,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 35 707,3 мың теңге;

2) шығыстар – 37 276,4 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 56,6 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 56,6 мың теңге.

  1. Қырық құдық ауылының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кіріс – 64 383,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 136,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 52,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 63 194,4 мың теңге;

2) шығыстар – 64 281,8 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – 101,5 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 101,5 мың теңге.

  1. Бөгенбай ауылдық округінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемдерде бекітілсін.

1) кірістер – 27 472,4 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері – 1 359,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 26 113,1 мың теңге;

2) шығындар – 26 901,2 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – 571,3 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 571,3 мың теңге.

  1. Қала әкімдігіне:

1) 2023 жылы 3 тұрғын үйдің 45 пәтерлік (1, 5, 6-позициялар) құрылысын аяқтау арқылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

2) бюджет қаражатының, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттерден түсетін трансферттер есебінен игерілуін бақылауды жүзеге асыруға;

3) кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджетке берешекті азайтуға және жоюға бағытталған шараларды қабылдауға ұсынылсын.

  1. Кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдеріне жоспардан тыс кірістер болған жағдайда олардың түсуіне ай сайынғы кіріс мониторингін жүргізу, жоспарлы көрсеткіштерді уақтылы түзетуге ұсынылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

төрағасы                                                                                              О. Жағыпаров

2022 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы
Дата публикации
17 июля 2023