Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының үшінші сессиясының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) 2022 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы;

Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қуандықұлы Қайыржановтың ақпараты;

2) Изобильное ауылының атауын өзгерту бойынша ұсыныс енгізу туралы;

Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Баян Ермекқызы Айтпаеваның ақпараты;

3) «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмат Қайыргелдіұлы Тұқмағанбетовтың ақпараты;

4) Степногорск қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтің ақпараты;

5) Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

төрағасы                                                                                              О. Жағыпаров

Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының үшінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
17 июля 2023