Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және   өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                   1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/118 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қазандағы № А-10/531 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Ақмола облысы полиция департаментінің Степногорск қаласы полиция басқармасының бастығы (келісім бойынша) – Өтекин Бақтияр Хайырболатұлы комиссия құрамына енгізілсін;

«Nur Otan» партиясы Степногорск қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Степногорск қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) – Хабибуллина Зульфия Төлешқызы» деген жол;

«AMANAT» Партиясы Степногорск қалалық филиалының атқарушы хатшысы (келісім бойынша) – Хабибуллина Зульфия Төлешқызы» деген жолымен ауыстырылсын;

комиссия құрамынан Айбасов Жанат Өміртасұлы шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

төрағасы                                                                                              О. Жағыпаров

Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
17 июля 2023