ӘКІМДІКТІҢ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТЫҢ БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ МЕН ШЕШІМІ
Степногорск қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ А-5/162 қаулысы
Степногорск қалалық мәслихатының
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 8С-2/4 шешімі
Шаңтөбе кентінің
кейбір көшелерінің
атауын өзгерту жөнінде
ұсыныс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облыстық ономастика комиссиясына Шаңтөбе кентінің келесі көшелерін қайта атау туралы ұсыныс енгізілсін:
1) Киров көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне;
2) Ленин көшесін Әл-Фараби көшесіне;
3) 60 лет Октябрь көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;
4) Восточная көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
5) Филатов көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне.
Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы мен Степногорск қалалық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі А. Қайыржанов
Степногорск қалалық
мәслихатының төрағасы О. Жағыпаров