Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-22/2 «2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-22/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2,                                         3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 12 710 370,5 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 180 886 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 35 180 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 50 963 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 5 443 341,5 мың теңге;

2) шығындар – 13 154 838,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 241 316,9 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 10 350 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 251 666,9 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 17 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 17 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 220 151 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   220 151 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                 О. Жағыпаров

 

 

 

 

 

Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-22/2 «2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
17 июля 2023