Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 01-05/01 қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
№ 61 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Юлия Олеговна Панинаның орнына «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Оксана Степановна Ершова сайлансын;
№ 61 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Алтын Балтабайқызы Тұрсынбаеваның орнына «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Степногорск қалалық филиалы ұсынған Шамшуар Серікқызы Алдабергенова сайлансын;
№ 72 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Светлана Анатольевна Лукьянёноктың орнына «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Галина Владимировна Сункарова сайлансын.
2. Осы шешімнің көшірмесі Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Жағыпаров
Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
01 марта 2023