Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма үшінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма үшінші (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Степногорск қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссия мүшелерін сайлау туралы;
Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы Олжас Аманжолұлы Жағыпаровтың ақпараты;
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Викторовна Семенюктің ақпараты;
3) Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 6С-22/7 «Степногорск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы Олжас Аманжолұлы Жағыпаровтың ақпараты.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
төрағасы О. Жағыпаров
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма үшінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
01 марта 2023