Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма екінші сессиясының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 

1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

2) 2023 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

3) Степногорск қаласында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтың ақпараты;

4) Степногорск қаласында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтың ақпараты;

5) Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы            № 7С-15/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                О. Жағыпаров

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма екінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
05 января 2023