Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма екінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Степногорск қалалық мәслихатының жиырма екінші сессиясының жұмысына 2022 жылғы 23 желтоқсанға дейін үзіліс жариялансын.

2. Степногорск қалалық мәслихатының жиырма екінші сессиясының екінші отырысы 2022 жылғы 23 желтоқсан сағат 15:00 қала әкімдігінің мәжіліс залында (Б блогында) өткізілсін және онда келесі мәселелер қаралсын:

1) 2023-2025 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы;

2) Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы;

3) Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы      № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;

5) 2023 жылға арналған Степногорск қалалық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету және оның аппаратын ұстауға арналған шығындарды анықтау туралы;

6) Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                О. Жағыпаров

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма екінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы
Дата публикации
05 января 2023