Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 7С-15/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № А-12/416 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № А-6/186 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 7С-15/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің 1-қосымшасында:
комиссия құрамына:
Иманғалиев Сансызбай Зейноллаұлы – Степногорск қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Промзащита» ЖШС басшысы (келісім бойынша);
Шатаев Азамат Тілеубайұлы – «Қозған» шаруа қожалығының басшысы, (келісім бойынша) енгізілсін;
«Дабаева Баян Болысбекқызы – Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы» деген жол;
«Дабаева Баян Болысбекқызы – Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы» деген жолымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы О. Жағыпаров
Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 7С-15/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
05 января 2023