Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма бірінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма бірінші (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-11/2 «2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С-11/10 «2022-2024 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
3) Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 7С-15/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы О. Жағыпаров
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма бірінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
05 января 2023