Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырмасыншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырмасыншы (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Л.П. Белоглядоваға «Степногорск қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтың ақпараты;
2) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы О. Жағыпаров
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырмасыншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
02 ноября 2022