Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 7С-2/4 «Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 7С-2/4 «Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін;

комиссия құрамына, комиссия мүшесі ретінде Кабар Хайрым енгізілсін;

комиссия құрамынан Жағыпаров Олжас Аманжолұлы шығарылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                             О. Жағыпаров

Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 7С-2/4 «Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 октября 2022