Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С-12/7 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясын құру туралы» 2022 жылғы 2 наурыздағы № А-3/66 Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № А-9/297 қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С-12/7 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына:
Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы ретінде – Нұрлан Зияйденұлы Мұқатов;
Степногорск қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы ретінде – Темірлан Қылышбекұлы Мәліков;
Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Баян Болысбекқызы Дабаева енгізілсін;
комиссия құрамынан Сағындық Серікбайұлы Шабаров, Бахтияр Әлімжанұлы Баязитов, Қымбат Күшкінбайқызы Сүлейменова шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы О. Жағыпаров
Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С-12/7 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
27 октября 2022