Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он тоғызыншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он тоғызыншы (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-11/2 «2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С-11/10 «2022-2024 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

3) Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмат Қайыргелдіұлы Тұқмағанбетовтың ақпараты;  

4) Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмат Қайыргелдіұлы Тұқмағанбетовтың ақпараты;  

5) Степногорск қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтың ақпараты;

6) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Жанатқызы Құсайынованың ақпараты;

7) Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 7С-15/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты;

8) Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С-12/7 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Муфтада Амангелдіұлы Елеуіповтың ақпараты;  

9) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/3 «Степногорск қалалық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутатық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қалалық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутатық фракциясының басшысы Зүлфия Төлешқызы Хабибуллинаның ақпараты;

10) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 7С-2/4 «Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы Олжас Аманжолұлы Жағыпаровтың ақпараты.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                                    О. Жағыпаров

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он тоғызыншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
27 октября 2022