Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/9 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                              1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № А-7/228, 2022 жылғы 15 тамыздағы № А-8/256 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № А-10/552 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулылары негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-9/9 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамына:

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Нұрлан Зияйденұлы Мұқатовты;

Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы Олжас Аманжолұлы Жағыпаровты (келісім бойынша);

Ақмола облысының полиция департаменті Степногорск қаласының полиция басқармасының басшысы Бахтияр Хайырболатұлы Утекинді (келісім бойынша);

Ақмола обылысының төтенше жағдайлар департаменті Степногорск қаласының төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ержан Төлегенұлы Қаппасовты (келісім бойынша);

Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Муфтада Амангелдыұлы Елеуіповті;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы Мейірхан Әміржанұлы Уахитовты;

«Доброе сердце» қоғамдық ұйымының волонтері Оксана Аргыновна Атамась (келісім бойынша);

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Степногорск қаласы, тау-кен техникалық колледжінің директоры Елена Викторовна Тарасованы (келісім бойынша) енгізілсін;

комиссия құрамынан: Сағындық Серікбайұлы Шабаров, Ерлан Оралұлы Айдрахманов, Хайрым Қабар, Нұржан Ермаханұлы Рахметоллаев, Евгений Викторович Макаров, Талғат Жұмағалиұлы Мақшанов шығарылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                             О. Жағыпаров

Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/9 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 августа 2022