Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі туралы
Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қаыйржановтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебін тыңдап және талқылап, қалалық мәслихат 2022 жылдың бірінші жарты жылында аймақ экономикасы дамуының оң қарқыны сақталғанын атап өтеді.
Шығарылатын өнеркәсіп өнімінің көлемі 191 088,7 млн. теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің индексі – 102,7%.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 8 461,5 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 135,5%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 2 324,8 млн.теңге, нақты көлем индексі – 100,5%.
Түрлі салаларда 3 314, немесе 2021 жылдың деңгейіне 103%, шағын және орта бизнес субъектілері қызметін жүзеге асырады. Жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі, тіркелгендер қатарында – 90,7%.
Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде: 348,2 млн. теңге кредит сомасына 40 жоба субсидияланады, 4 жоба 44 млн. теңге сомасына кепілдік берілді, 7,4 млн. теңге сомасына 2 грант берілді.
Сонымен қатар, объективті себептер бойынша: негізгі капиталға инвестициялар (нақты көлем индексі – 56%), құрылыс жұмыстарының көлемі (нақты көлем индексі – 85,9 %) және тұрғын үйді пайдалануға беру (2021 жылғы деңгейге қарағанда 62%) көрсеткіштердің төмендегені байқалады.
Орташа айлық жалақының өсуі байқалады, ол 252 146 теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 117,9% - ды құрады.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, қаланың, кенттердің, ауылдардың автомобиль жолдарын жөндеу және абаттандыру бойынша жоспарланған жобалар іске асырылуда.
Білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы негізгі көрсеткіштерді жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржановтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі мақұлдансын және бекітілсін.
2. Степногорск қаласының әкімдігіне:
1) мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар аясында барлық индикаторлар мен көрсеткіштерді атқару бойынша тұрақты бақылауды ұстау;
2) қала экономикасы жағдайына бақылау жүргізу, өндіріс пен шағын бизнесте жұмыс істейтін халық санының қысқаруына жол бермеу;
3) қала, кенттер мен ауылдардың өмір сүру сапасын және инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы О. Жағыпаров
Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі туралыДата публикации
27 августа 2022