Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он жетінші сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он жетіншісессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қуандықұлы Қайыржановтың ақпараты;
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-11/2 «2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
3) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы Бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
4) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/9 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Асқар Шапағатұлы Қасеновтың;
5) Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы О. Джагпаров
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он жетінші сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
27 августа 2022