Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он алтыншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он алтыншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1) Жетінші шақырылымдағы Х. Қабарды қалалық мәслихаты хатшысының лауазымынан босату туралы;

Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы – Хайрым Қабардың ақпараты;

2) Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың хатшысын сайлау туралы;

3) Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;

Степногорск қаласының әкімі аппаратының басшысы – Әділет Әбілұлы Әділдің ақпараты.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он алтыншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
27 августа 2022