Изобильное ауылының кейбір көшелерін қайта атау жөніндегі ұсыныс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облыстық ономастика комиссиясына Изобильное ауылының келесі көшелерін қайта атау туралы ұсыныс енгізілсін:
1) Казахстанская көшесін Қазыбек би көшесіне;
2) Тургайская көшесін Ынтымақ көшесіне.
2. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы мен Степногорск қалалық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі А. Қайыржанов
Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы Х. Кабар
Изобильное ауылының кейбір көшелерін қайта атау жөніндегі ұсыныс енгізу туралыДата публикации
27 июля 2022