Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он бесінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он бесінші (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-11/2 «2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С-11/10 «2022-2024 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

3) 2022 жылға арналған Степногорск қаласының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы;

Степногорск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы - Муфтада Амангелдіұлы Елеуіповтың ақпараты;

4) Изобильное ауылының кейбір көшелерін қайта атау жөніндегі ұсыныс енгізу туралы;

Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы - Индира Шералықызы Арапбаеваның ақпараты;

5) Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С-12/10 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы әрекет етуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі қалалық штабтың құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы - Әділет Әбілұлы Әділдің ақпараты;

6) Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С-12/11 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы - Әділет Әбілұлы Әділдің ақпараты;

7) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдерін жеке меншікке немесе пайдалану құқықтарын беру жөніндегі комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы;

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары секторының меңгерушісі - Инеш Амангелдіқызы Қарашынаның ақпараты;

8) Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 6С-39/5 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы - Ләззат Жанатқызы Құсайынованың ақпараты.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он бесінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
27 июля 2022