Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Есеп нәтижелері бойынша комиссия бюджетке енгізілетін өзгерістерді қарау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгені атап өтілді. 2021 жылы қала бюджеті мәслихат сессияларында 5 рет нақтыланды және түзетілді, кенттер мен ауылдар бюджеттеріне 4 рет өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар комиссия жұмысын одан әрі жетілдіру және қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі назарға алынсын және мақұлдансын.
2. Комиссия мүшелеріне 2023-2025 жылдарға арналған қала, кент, ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің жобаларын қалыптастыру кезінде жұмысты жандандыру ұсынылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы А. Гетманов
Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралыДата публикации
18 июля 2022