2021 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы

Бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органның есебін, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркеновтың баяндамасын тыңдап және талқылап, Степногорск қалалық мәслихаты қала әкімдігімен 2021 жылға арналған бюджетті сапалы орындау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілгенін, өнеркәсіптік өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуда белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жекелеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. Сонымен қатар, өнеркәсіп өнімінің көлемі көрсеткіші бойынша оң серпінге қол жеткізілген жоқ, ол 181 524,5 млн.теңгені құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 11 274,5 млн. теңгеге кем. Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісіндегі қаланың үлесі 16,5 % - ды құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің көлемі 34 873,6 млн.теңгені құрады. НКИ – 127,5 %. Жалпы көлемдегі үлес салмағы – 19,2 %.

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 126 676,1 млн.теңгені құрады. НКИ – 105,2 %. Жалпы көлемдегі үлес салмағы – 69,8 %.

Жылу, электр энергиясы, газ және су өндіру және тарату көлемі 17 334 млн.теңгені құрады, НКИ – 105,4 %. Жалпы көлемдегі үлес салмағы – 9,5 %.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау көлемі 2 640,8 млн.теңгені құрады. НКИ – 109,2 %. Үлес салмағы – 1,5 %.

Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде мынадай жобалар іске асырылды: Доре қорытпасының қуаты жылына 6 тонна алтын өндіру фабрикасының құрылысы («Ақсу Technology» ЖШС), сульфоаммофос өндірісі («SARECO» ЖШС), сұйық барданы құрғақ бардаға өңдеу («Альфа Органик» уытты спирт зауыты» ЖШС).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6 465,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 4 180,1 млн. теңге, мал шаруашылығы – 2 285,8 млн. теңге, НКИ – 103,1 %.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 63 922,9 млн. теңгені құрады, НКИ – 111,5 %. Қаланың облыс көлеміндегі үлесі 12,8 % - ды құрайды. Қаржыландыру көздері бойынша: меншікті қаражат 23 475,6 млн.теңге, республикалық бюджет 480,8 млн. теңге, жергілікті бюджет 450,9 млн. теңге, банктердің кредиттері 33 590,1 млн. теңге, басқа да қарыз қаражаты 5 925,5 млн. теңге.

Есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейлеріне 32 291,5 млн.теңге (жоспарға 103,1 %) сомаға салықтар мен төлемдер түсті, оның ішінде: республикалық бюджет – 21 752,3 млн. теңге (жоспарға 102,1 %), жергілікті бюджет – 10 539,2 млн. теңге (жоспарға 105,3 %). Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді есепке алғанда 8 955,8 млн.теңге немесе жоспарға 99,7 % игерілді.

Қала бюджетінің кірістері жоспар 8 206 722,0 мың теңге болғанда 103,6 % - ға орындалды, қала бюджетіне 8 499 795,0 мың теңге түсті, оның ішінде меншікті салық түсімдері 107,1 % - ға орындалды, жоспар 3 894 137,7 мың теңге болғанда 4 171 077,0 мың теңге түсті, жоспардың асыра орындалуы 276 939,3 мың теңгені құрады.

Степногорск қаласы мен ЖӨБ бюджетінің шығыс бөлігі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 99,8 % - ға орындалды, 9 359 507,6 мың теңге сомасында қаражат игерілді, оның ішінде: шығындар 9 262 656,4 мың теңге немесе 99,8 % сомасында орындалды, 93 142,0 мың теңге сомасында қаржы активтерін сатып алу және 3 709,2 мың теңге сомасында қарыздарды өтеу немесе 100 %.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Степногорск қаласының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, 2021 жылға арналған бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті орган – Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есебі бекітілсін.

2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Степногорск қаласы бюджетінің 2021 жылға атқарылуы туралы есебі бекітілсін.

3. Степногорск қаласының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 499 795,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 171 077,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 48 053,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 89 774,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 4 190 890,2 мың теңге;

2) шығындар – 8 782 290,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 11 616,9 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 616,9 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 93 142,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 93 142,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 364 020,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 364 020,1 мың теңге.

4. Ақсу кентінің 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 59 691,3 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 11 218,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 42 442,6 мың теңге;

2) шығындар – 57 194,5 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 503,2 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 3 503,2 мың теңге.

5. Бестөбе кентінің 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 117 914,1 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 28 810,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 5,1 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 89 098,1 мың теңге;

2) шығындар – 121 106,2 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 192,1 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 192,1 мың теңге.

6. Заводской кентінің 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 62 938,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 11 401,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 754,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 50 781,8 мың теңге;

2) шығындар – 65 825,6 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 887,6 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 887,6 мың теңге.

7. Шаңтөбе кентінің 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 73 837,1 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 083,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 722,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 66 030,8 мың теңге;

2) шығындар – 75 572,6 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 735,5 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 735,5  мың теңге.

8. Қарабұлақ ауылының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 60 953,2 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 921,2 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 155,2 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 58 876,8 мың теңге;

2) шығындар – 61 012,9 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 59,7 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 59,7 мың теңге.

9. Изобильный ауылының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 36 446,6 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 527,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 156,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 35 763,0 мың теңге;

2) шығындар – 36 599,9 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 153,2 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 153,2 мың теңге.

10. Қырық құдық ауылының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 36 565,6 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 662,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 33,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 35 869,3 мың теңге;

2) шығындар – 36 827,9 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 262,3 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 262,3 мың теңге.

11. Бөгенбай ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 25 817,2 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 982,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 24 834,3 мың теңге;

2) шығындар – 26 226,6 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 409,4 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 409,4 мың теңге.

12. Қала әкімдігіне:

1) әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең үздік және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау сапасын арттыруға бағытталған шараларды қабылдау;

2) кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджетке берешекті азайтуға және жоюға бағытталған шараларды қабылдау;

3) табысты жұмыс істейтін кәсіпорындардың санын ұлғайта отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерді пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

13. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

14. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы                                                                           А. Гетманов

2021 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы
Дата публикации
15 июля 2022