Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он төртінші сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) 2021 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы;
Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қуандықұлы Қайыржановтың ақпараты;
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-11/2 «2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
3) Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Степногорск қаласының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерін белгiлеу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
4) Степногорск қаласының кейбір көшелерінің атауын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы;
Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Баян Ермекқызы Айтпаеваның ақпараты;
5) Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмат Қайыргелдіұлы Тұқмағанбетовтың ақпараты;
6) Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
Степногорск қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмат Қайыргелдіұлы Тұқмағанбетовтың ақпараты;
7) Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының есебі туралы;
Қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы, мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Алексей Сергеевич Гетмановтың ақпараты;
8) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/3 «Степногорск қалалық мәслихатында «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы А. Гетманов
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он төртінші сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
15 июля 2022